Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Фото: Ерлан ОМАР/ Egemen.kz
Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, халықаралық жарыс кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жеке құрам күшейтілген қызметтік режимге көшеді.
«Цифрлық технологиялар мен дәстүрлі спортты ұштастыратын ауқымды додаға әлемнің үздік спортшылары, халықаралық делегациялар, жанкүйерлер мен туристер келеді деп күтіледі. Осыған байланысты полиция қызметкерлері тәулік бойы қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді», делінген хабарламада.
Сонымен қатар жарыс өтетін нысандардың маңында жол қозғалысы реттеліп, арнайы қызмет көліктерінің кедергісіз жүруі мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылданады.
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық киберспорт федерациясының президенті Астанаға келді
Полиция департаменті тұрғындар мен қала қонақтарын уақытша енгізілетін жол қозғалысы шектеулеріне түсіністікпен қарап, қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырды.
Еске сала кетейік, «Болашақ ойындары – 2026» турнирінде 800 волонтер қызмет етеді. Турнир кезінде еріктілер қатысушыларды әуежайдан қарсы алып, аккредиттеуден өтуіне көмектеседі, ресми делегацияларды сүйемелдейді, көлік логистикасын үйлестіруге қатысады, медициналық қызметтердің, баспасөз орталығының жұмысына қолдау көрсетеді, ашылу және жабылу салтанаттарын ұйымдастыруға атсалысады.