Астана полициясы түкіргендерді ұят тақтасына шығарды

09.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері көшелерде, аялдамаларда, саябақтар мен аулаларда қоқыс, темекі тұқылдарын тастау, түкіру, автокөлік терезесінен қалдықтарды лақтыру және абаттандыру қағидалары бұзылғаны анықталған.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында жыл басынан бері 13 мың құқық бұзушы анықталған.

— Мұндай әрекеттер қала келбетіне нұқсан келтіріп қана қоймай, тұрғындардың санитарлық жағдайы мен қауіпсіздігіне де қауіп төндіреді, — делінген хабарламада.

Құқық бұзушылықтардың алдын алуда Жедел басқару орталығының камералары ерекше рөл атқарады. Олар қоршаған ортаны ластау фактілерін нақты уақыт режимінде тіркейді.

— Камералардан алынған ақпарат жедел түрде полицияның кезекші жасақтарына жіберіліп, құқық бұзушыларды анықтап, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартуға мүмкіндік жасайды, — деп ескертті полициядан.

Сонымен қатар, тұрғындардың белсенді азаматтық ұстанымы да маңызды. Олар құқық бұзушылық туралы хабарлап, қоғамдық мәдениетті сақтауға үлгі көрсетеді.

— Полиция тазалық қағидаларын сақтамау заңмен белгіленген жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Қаланың тазалығы — ортақ еңбек, ал әрбір азамат өзі өмір сүріп отырған ортаның жай-күйіне жеке жауапты, — делінген әкімдіктің хабарламасында.

Полиция мынадай пункттерді еске салды:

қоғамдық орындарды тұрмыстық қалдықтармен және темекі тұқылдарымен ластамау; балалар мен жасөспірімдерді ерте жастан тазалық мәдениетіне баулу;  ластау фактілері туралы қаланың ресми арналары арқылы хабарлау.

— Тек бірлескен күш-жігердің арқасында ғана Астананы таза, жайлы әрі өмір сүруге қолайлы қала ретінде сақтай аламыз, — делінген Полиция департаментінің үндеуінде.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда дрондар қоқыс тастап, түкірген тұрғындарға ескерту жасайтынын жаздық.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью