Астана қалалық ауруханасының медбикесінен туберкулез табылды

24.05.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Астанадағы №1 қалалық ауруханада жұмыс істеген мейірбикеден туберкулез анықталды. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратты елордалық Денсаулық сақтау басқармасы растады, деп хабарлайды TengriHealth.

Астанадағы №1 қалалық ауруханада жұмыс істеген мейірбикеден туберкулез анықталды. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратты елордалық Денсаулық сақтау басқармасы растады, деп хабарлайды TengriHealth.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде осы ауруханада балалармен байланыста болған мейірбикенің туберкулезге шалдыққаны туралы мәлімет тараған еді.

Басқарма деректеріне сүйенсек, мейірбикенің жұмысқа рұқсаты болған. Ол туберкулезбен ауыратын науқастармен байланыста болған тұлғалардың қатарында болған.

"Кейінгі рет флюорографиялық тексеруден 2024 жылғы ақпанда емханада өткен. Сол кезде түсірілген суретте патология анықталмаған. Сәуірде медициналық көмекке жүгінгеннен кейін ауру белгілері белгілі болды. Кейінгі рет жұмысқа 24 сәуір күні шыққан. Қазір Қалалық фтизиопульмонология орталығында ем алып жатыр", — делінген басқарма жауабында.

Соңғы флюорографиялық тексеруден өткеніне алты айдан асқан байланыста болған қызметкерлер қайта тексерілген. Жалпы 39 адам тексеруден өтіп, барлығынан теріс нәтиже шыққан.

Сондай-ақ басқарма мәліметінше, мейірбикемен кейінгі үш айда байланыста болған адамдардың тізімі анықталған. Алайда олардың арасында ауру жұқтырғандар бар-жоғы нақты айтылмаған.

Оқиғадан кейін ауруханада төсек-орын жабдықтары мен матрастарға дезинфекция жүргізілді.

Өткен жылы осыған ұқсас жағдай Ақтөбе облысында орын алған болатын. Ақтөбедегі көпбейінді балалар ауруханасында туберкулездің ашық түрімен ауыратын мейірбике.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Астана

аурухана

медбике

Туберкулез

Денсаулық сақтау басқармасы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью