Астана қандай? Статистер елорданың қызықты портретін жасады

06.07.2026

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Астана күніне орай Ұлттық статистика бюросы елорда туралы қызық деректер ұсынды. Бүгінде бас қалада қанша адам тұрады, тұрғындардың орташа жасы қандай, Астанада әйелдер көп пе, ерлер ме – осы және өзге де мәліметтер Tengri Life материалында топтастырылды.

Статистикалық деректерге сәйкес, 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша елордада 1 674 699 адам тұрады. Астанада әйелдер саны ерлерге қарағанда көп: 884 029 әйел және 790 670 ер адам.

2026 жылдың басындағы есеп бойынша елорда тұрғынының орташа жасы - 30,9.

2025 жылы Астанада 27,4 мың сәби дүниеге келген. Қазір елордада 18 жасқа дейінгі 545 мың бала тұрады. Оның 280 мыңы – ұл, 265 мыңы – қыз.

Астана құрылыс саласындағы компаниялар саны бойынша Қазақстанда бірінші орында тұр. Қалада бұл бағытта 18,5 мың компания тіркелген.

Ал қоғамдық тамақтану нысандарының саны бойынша елорда Алматыдан кейін екінші орында. Астанада 6819 кафе, мейрамхана және басқа да тамақтану орны бар.

Сонымен қатар, Қазақстанда Астана есімді 26 адам тұрады.

6 шілдеде Қазақстанда Астана күні атап өтіледі. Биыл елордаға 27 жыл толды. Осы уақыт ішінде Астана сайын даладағы шағын ғана қаладан әлемдегі заманауи мегаполистердің біріне айналды. Бүгін Tengrinews.kz елорданың тарихына шолу жасап, әр буын өкілдерінің естелігін ұсынады. Олардың арасында қаланы сонау Целиноград кезінен білетіндер де, жаңа ғасырда Астананы өз үйіндей көріп кеткендер де бар. Олар елордамен байланысты өз оқиғаларын айтып, қалаға деген ықыласын бөлісіп, Астананы не үшін жақсы көретінін жеткізді.

Толығырақ материалдан оқыңыз: Астана күні: тұрғындар сүйікті елорданы көрсетті

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью