Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Қарағанды облысында республикалық маңызы бар Астана – Қарағанды (айналма жол арқылы) – Алматы автожолында жаңа жылдамдық өлшегіштер іске қосылды. Камералар Балқаш қаласынан Сарышаған кентіне дейінгі учаскеде орнатылған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, құрылғылар Тораңғалық және Гүлшат кенттері маңындағы аркаларға орналастырылған. Камералар қозғалыстың екі бағыты бойынша да жылдамдық режимінің бұзылуын тіркейді. Бұл учаскеде жылдамдық шектеуі - 110 км/сағ.
Сонымен қатар 6 наурыздан бастап Қарағанды қаласында да жаңа жылдамдық өлшегіш жұмыс істей бастайды. Ол Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 25 мекенжайында, №3 гимназияның маңында орнатылған. Бұл жерде рұқсат етілген жылдамдық - 40 км/сағ.
Полиция жүргізушілерді маршруттардағы өзгерістерді ескеруге, белгіленген жылдамдықты сақтауға және жолда мұқият болуға шақырады. Бұл айыппұлдардан сақтануға және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.