Астана Қарағанды тас жолында ауа райына байланысты шектеулер енгізілді

23.10.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Жұмада таңертең Ақмола және Қарағанды облыстарындағы Астана - Қарағанды тасжолында жазғы шинамен жүрген көліктер үшін қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды Tengri Auto.

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі Telegram-арнасында мәлімдеді.

"23 қазан күні сағат 06:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана - Қарағанды - Алматы автожолының 30-дан 92-шақырымға дейінгі учаскесінде (Жібек жолы ТП - Қарағанды облысының шекарасы) жазғы шинамен жабдықталған көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды", - делінген хабарламада.

Осындай шаралар аталған тасжолдың Қарағанды облысындағы 92-ден 164-шақырымға дейінгі аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ТП-ға дейін) қабылданды.

Жолды ашудың болжамды уақыты - жұма, 23 қазан, сағат 10:00.

Еске сала кетейік, 22 қазан күні кешке Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарындағы республикалық маңызы бар тасжолдардың екі учаскесінде қозғалыс шектелген болатын.

Өскемен - Риддер - Ресей шекарасы автожолында сағат 20:00-ден бастап 15-тен 105-шақырымға дейінгі аралықта (Белоусовка кенті - Риддер қаласы) тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынды.

Бұдан бөлек, сағат 21:00-ден бастап Қарағанды - Аягөз - Тарбағатай - Богас тасжолының 60-тан 265-шақырымға дейінгі учаскесінде (Ботақара кентінен Бақты кентіне дейін) жазғы шина киген көліктер үшін шектеулер енгізілді. Бұл учаскелерді ашудың болжамды уақыты - жұма, 23 қазан, сағат 08:00.

Бұған дейін "ҚазАвтоЖол" еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының бұзылатыны туралы ескерткен. Жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қашықтықты сақтау, шиналардың жай-күйін қадағалау және мүмкіндігінше аса қажеттілік болмаса, жолға шықпау ұсынылды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью