Астана Қорғалжын Ұлытау автожолы жөнделеді Роман Скляр

26.03.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

— «Орталық-Батыс» жобасын іске асыру мақсатында техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу кезінде тиімді маршрутты анықтау үшін жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы «Астана — Арқалық-Торғай-Ырғыз» және «Астана-Ұлытау-Сексеуіл» бағыттарын зерделеді. Нәтижесінде «Астана-Арқалық-Торғай-Ырғыз» бағыты бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта бекітілген маршрут бойынша мердігер анықталып, қаржыландыру мәселесі пысықталып жатыр. Дайындық жұмыстары жүргізілуде. Іске асыру мерзімі — 2026-2028 жылдар, — деді бірінші вице-премьер.

Оның айтуынша, Ақмола, Қарағанды және Ұлытау облыстарының аумағынан өтетін «Астана-Қорғалжын-Ұлытау» автомобиль жолы алдағы уақытта жөнделеді. 

— Жергілікті халықтың өтінішін ескере отырып, осы бағытта жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Осыған байланысты Көлік министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аталған автомобиль жолы бойынша жөндеу жұмыстарының жоспарын әзірлеп жатыр. Қазіргі уақытта іс-шаралар жоспары мен қаржыландыру көздері бойынша жұмыстар пысықталуда, — деді ол.

Үкімет басшысы бірінші орынбасарының дерегінше, алдағы үш жылда мол қаражатты талап ететін 3 мың шақырымнан астам жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Олардың қатарында «Қызылорда-Қарағанды-Жезқазған», «Орталық-Батыс», «Қызылорда-Ақтөбе», «Жаңаөзен-Кендірлі», «Сарыағаш қаласының айналма жолы» және «Атырау-Доссор» жобалары бар.

— Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, қаржыландыру мүмкіндігіне қарай «Астана-Қорғалжын-Ұлытау» учаскесін жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылады. Аталған мәселе Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында, — деді Роман Скляр.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Асылбек Нұралин Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға сауал жолдап, Астана-Қорғалжын-Ұлытау жолын салуды ұсынған еді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью