Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Eastern Mountain көтерілуімен аяқталған кезең шағын көшбасшылар тобы арасындағы қарқынды спринтпен тәмамдалды. Қазақстандық команда сапындағы италиялық спортшы Швейцария чемпионы Мауро Шмидтің (Team Jayco AlUla) соңғы қарқынына жауап берді, алайда мәреде оны басып оза алмай, екінші болып келді. Үшінші орынды норвегиялық Мартин Тьетта (Uno-X Mobility) иеленді.
XDS Astana Team командасының тағы екі өкілі Кристиан Родригес пен Диего Улисси сәйкесінше жетінші және оныншы орындарға тұрақтады. Осы нәтижелердің арқасында Скарони жалпы есепте екінші орынға көтерілді.
– Кезең жалпы алғанда тыныш өтті, мәреге жақын айналма жолда болған құлауды есептемегенде. Бақытымызға қарай, мен және Диего Улисси құлаудан аман қалдық, бірақ алдыңғы топты қуып жетуге тура келді. Мәрелік көтерілу маған ыңғайлы болды, ал Диего мені финалда өте жақсы позицияға шығарды. Шмид спринтті ертерек бастады, мен оның шабысына ілестім, соңында алдына шығамын деп ойладым, бірақ ол қарқынын соңына дейін сақтап қалды. Бүгін Мауро мықты болды. Соған қарамастан, кезеңнің жалпы нәтижесі жақсы. Қазір мен жалпы есепте екінші орындамын, сондықтан сәрсенбі күні өтетін шешуші кезеңге дайындаламыз, – деді Кристиан Скарони команданың баспасөз қызметіне.
Бұған дейін XDS Astana Team командасының тағы бір шабандозы Хенок Мулюбырхан «Оман турының» екінші кезеңінде мәреге екінші болып жеткен еді.
Айта кетейік, Мансұр Бейсембай велоспорттан Азия чемпионатының жүлдегері атанды.