Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Астана – Щучинск тасжолындағы "Щучинск" ақы алу пунктіне таяғанда "Газель" автокөлігі өртенді. Өрт салдарынан жолақтардың бірінде қозғалыс уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.
Оқиға видеосы
Оқиға 14 тамызда сағат 16:43-те болған. Көлік ақы алу пунктінің алдында өртеніп кеткен.
Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері барып, өртті сөндірді.
" Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта жол қозғалысы қалпына келтірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", – деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
Компания жүргізушілерге көліктің техникалық жағдайын қадағалау қажеттігін еске салды.
"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге электр сымдарын, отын жүйесін, қозғалтқыш пен аккумуляторды тексеруді, сондай-ақ көлікте жарамды өрт сөндіргіштің болуын ұсынды.
Көлік өртенсе не істеу керек?Бұған дейін ТЖМ көлік өртенген жағдайда не істеу керек екенін айтқан болатын. Егер жүргізуші газ иісін сезсе, түтін немесе өртті байқаса, дереу қауіпсіз жерде тоқтап, жолаушыларды шығарып, көліктен алыстауы керек.
Осыдан кейін 101 немесе 112 нөмірі хабарласу қажет.
Сондай-ақ құтқарушылар әрқашан жарамды өрт сөндіргіш алып жүруге және көліктің электр сымдары мен отын жүйесінің жағдайын бақылап отыруға кеңес береді. Өрттің жиі кездесетін себептері қатарында қысқа тұйықталу, жанар-жағармай материалдарының ағуы және отын жүйесіндегі ақау аталады.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу