Астана Ұлан Батыр бағытында әуе рейсі ашылады Серік Жұманғарин

21.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

— Әлемдік сауданың тұрақты өсуінің факторы — өзара көлік байланысын нығайту. Елдеріміздің арасындағы көліктік ынтымақтастық Транскаспий халықаралық көлік бағыты шеңберінде қарқынды дамып келеді. Бұл бағыт — «Бір белдеу — бір жол» жаһандық бастамасымен бірлесіп, солтүстік-оңтүстік және шығыс-батыс дәліздерінің әлеуетін ашуға қосымша көмек, — деді ол.

Сонымен бірге, Серік Жұманғарин жуырда жаңа әуе рейсі ашылатынын атап өтті.

— Бүгінде Алматы — Ұлан-Батыр бағытында тікелей әуе қатынасы жүзеге асып жатыр. Жақын арада Астана — Ұлан-Батыр бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашу жоспарланып отыр. Бұл қадам іскерлік, гуманитарлық және туристік байланыстарды нығайтуға тың серпін береді, — деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Моңғолия Қазақстаннан бидай импорты көлемін арттыруға қызығушылық танытқанын жазғанбыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью