Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Астанадағы қоймалардың бірінде шыққан ірі өрт видеоға түсіп қалды. Өрт орнынан көкке көтерілген қою қара түтін көрінеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға орнынан түсірілген кадрларды Tengrinews.kz редакциясының WhatsApp-нөміріне оқырман жолдады. Тағы бір оқырманның хабарлауынша, өрт Ақжол даңғылындағы қоймалардың бірінде болған.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, осы сәтте құтқарушылар елорданың Алматы ауданындағы Ақжол даңғылы бойында орналасқан ангар үлгісіндегі екі қабатты ғимаратта шыққан өртті сөндіріп жатыр.
"Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде ангар үлгісіндегі екі қабатты ғимараттың ашық жалынмен жанып жатқаны және қою түтін байқалған", - делінген хабарламада.
Өрт сөндіру оқпандары дереу енгізіліп, өртті толық сөндіру үшін барлық қажетті шара қабылданып жатыр.
Бұған дейін Астанадағы көше тұрағында ірі өрт болған еді. Қатты желдің салдарынан жалын жақын маңда тұрған автокөліктерге тез жайылған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу