Астанада 1 теңгелік дәретхананың бар екенін білесіз бе? (ВИДЕО)

27.11.2025

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Астанада жаңа форматтағы ерекше қоғамдық дәретханалар орнатылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ерекшелігі – кабинкалар бос тұрған кезде олардың әйнек қабырғалары толықтай айқын көрінеді. Ал ішке кірген адам батырманы басқан сәтте әйнек бірден бұлдырланып, кабинканың ішіндегі дүние сыртқа көрінбей қалады.

Аумақта дәл осындай үш кабина орнатылған. Қолдану үшін QR-код арқылы шағын төлем жасау қажет.

Кабинкалардың іші өте таза, жағымды иіс бар. Ыстық су да, су ағызу жүйесі де жұмыс істеп тұр. Кабинаның өзі жылы, тіпті сәл ыстықтау көрінеді. Жабдықталуы – ақ түсті минималистік стильде.

Мөлдір қабырғалы бұл қоғамдық дәретханалар Кенесары мен Мәмбетов көшелерінің қиылысында орналасқан.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью