Астанада 11 адам лифт ішінде қамалып қалды

01.01.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. Елордалық құтқарушылар лифт ішінде қалып қойған адамдарға көмекке келді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

"Түнде Сарайшық ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде 11 адам, оның ішінде 5 бала лифт ішінде қамалып қалды. Лифт 3- қабаттан төмен қарай түсіп, екінші қабат пен бірінші қабат аралығында тоқтап қалған", - деп жазылған хабарламада.

Шақырту орнына келген құтқарушылар лифт есігін ашып, адамдарға шығуға көмектесті. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады.

ТЖМ лифтіде тұрып қалсаңыз, келесі ережелерді еске салады:

өзіңіз алаңдамаңыз және көршілеріңізді тыныштандырыңыз;

диспетчерге хабарласыңыз;

барлық түймені қатарынан баспаңыз;

лифт есігін өзіңіз ашуға тырыспаңыз;

барлық сыртқы байланыс арналарын пайдаланыңыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью