Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Елордада Қарттар күніне орай 110 мыңнан астам зейнеткерге әлеуметтік төлем қарастырылды, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.
Астанада Қарттар күніне орай зейнеткерлерге біржолғы әлеуметтік төлем беру қарастырылып отыр.
"Елордада тіркелген жасы бойынша зейнеткерлерге, сондай-ақ зейнетақының ең төмен мөлшерін алатын зейнет жасындағы азаматтарға 2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем қарастырылған", - деп жазылған хабарламада.
Бұл әлеуметтік көмек 110 мыңнан астам жасы бойынша зейнеткерді қамтиды.