Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 27 қазан — Sputnik. Астанадағы балабақшалардың бірінде бір жарым жасар бала үшінші дәрежелі күйік алды.
Желіде тараған ақпарат бойынша, сәбидің денесінің 10%-ын күйік шалған. Қазір ол үйде емделіп жатыр.
© PhotoАстанада 1,5 жасар бүлдіршін балабақшада ыстық сорпаға күйіп қалды
Астанада 1,5 жасар бүлдіршін балабақшада ыстық сорпаға күйіп қалды
© Photo
Анасының сөзінше, балабақша әкімшілігі бейнебақылау камераларындағы жазбаларды беруден бас тартқан және оқиғаға қатысты жауапкершілікті мойындамай отыр. Ол полиция мен мемлекеттік органдарға арызданған.
Полицияның хабарлауынша, балабақша қызметкерінің бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін тиісінше орындамауы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бейнежазбалар тәркіленіп, қазір зерттеліп жатыр.