Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Жалпы 2025-2026 оқу жылының қорытындысы бойынша елорда мектептерінде жалпы саны 314 964 оқушы білім алды. Оның ішінде мемлекеттік мектептерде – 260 418 оқушы, жекеменшік мектептерде – 47 760 оқушы және республикалық мектептерде – 6 786 оқушы.
Биыл елорда мектептерін 16 мыңнан астам түлек тәмамдап, қолдарына аттестат алды. Олардың ішінде 1 202 оқушы үздік аттестат иегері атанса, 650 түлекке білімдегі жоғары жетістіктері үшін «Алтын белгі» иегерлері атанды.
Мектеп бітіру кештерін ұйымдастыру барысында да жауапкершілік пен үнемшілдікке ерекше назар аударылды. Қала мектептерінде 70% пайыздан астам ата-аналар мен түлектер қауымы мейрамханаларда салтанатты кеш өткізуден бас тартып, қаражатты тиімді пайдалануды жөн көрді.
Айта кетейік, аттестат табыстау рәсімдері барлық мектепте мерекелік әрі салтанатты жағдайда өтті. Ұстаздар мен ата-аналар түлектерге ақ жол тілеп, олардың болашақта ел дамуына үлес қосатын білікті маман болып қалыптасатынына сенім білдірді.