Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Фото: Ашық дереккөз
Orda.kz мәліметінше, 2025 жылдың қыркүйегі мен 2026 жылдың қаңтары аралығында Шүкіржанов Krisha.kz сайтына шын мәнінде жоқ пәтерлердің хабарландыруларын орналастырған. Интернеттен алынған суреттерді пайдаланып, өзін пәтер иесі ретінде көрсеткен. Әлеуетті жалға алушылар хабарласқанда, оларды алдын ала төлем (әдетте 50-60 мың теңге) жасауға көндіріп, ақша түскен соң байланысын бірден үзген. Нәтижесінде бұл схеманың құрбаны 20 адам болып, оларға келтірілген шығын көлемі 10 мыңнан 70 мың теңге аралығында болды.
Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін жеткізді. Іс қаралғанға дейін жәбірленушілерге келтірілген шығын толық өтеліп, олардың ешқандай талабы қалмады.
Сот Шүкіржановтың әрекетін Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі (Ақпараттық жүйені пайдалану арқылы бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша саралады. Жаза тағайындау кезінде оның кінәсін мойындауы, бұрын сотталмағаны және шығынды өз еркімен төлеуі ескерілді.
Нәтижесінде сот үкімімен оған 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Оған қоса келесі міндеттер жүктелді:
– жаза мерзімі бойы пробациялық бақылауда болу;
– сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін үйден шығуға тыйым салынды;
– жұмыссыз болған жағдайда жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту;
– сараптама барысында анықталған алкогольге тәуелділіктен емделу.