Астанада 200 ге жуық адам Есіл жағалауын тазартуға шықты

19.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Ауқымды іс-шараға шамамен 200 адам жиналды.

Қатысушылар жағалау аумағын қоқыстан тазалап, әсіресе қыс мезгілінен кейін қалдықтар көп жиналған учаскелерге ерекше көңіл бөлді.

Акцияның мақсаты – қала тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аудару.

– Бүгін 50-ден астам ерікті жиналдық. Біз үшін қаланың экологиясына үлес қосу маңызды.«Таза Қазақстан» акциясын әрдайым қолдаймыз. Тазалық – әрқайсымыздан басталады. Осындай бастамалар үлкен қозғалысқа айналып, жастарды көбірек тартуға мүмкіндік береді, - деді «Астана жастары» орталығының еріктісі Қайрат Құлхожақымет.

Фото: Астана әкімдігі

Экобелсенді Эльмира Исабаева да бірнеше жылдан бері қала аумағын өз бетінше тазалап, әлеуметтік желілер арқылы экологиялық өмір салтын насихаттап келеді. Бұл жолы да ол Есіл жағалауын тазалауға атсалысты.

– Үш жылдан бері тазалық акцияларына қатысып, адамдарды шақырып келемін. Бұрын қатысушылар аз болатын, ал бүгін осынша адамның жиналғанын көріп қуандым. Табиғатымыз өте әдемі, оны сақтауымыз керек. Мұндай акциялар жиі өтіп, оған қатысушылар саны арта береді деп сенемін, - деді ол.

Қатысушылар мұндай экологиялық шаралар алдағы уақытта қаланың өзге де аумақтарында жалғасатынын атап өтті. Еріктілер мен белсенділер тұрғындарды бейжай қалмай, қала тазалығына өз үлесін қосуға шақырады.

Еске сала кетейік, бұған дейін елордада бірнеше көшенің қиылысы жөндеу жұмысына байланысты уақытша жабылатынын жазған едік. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью