Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Іс-шараға қала мектептерінен 2000-ға жуық оқушылар қатысып, олар бір мезетте күйші-композитор Қаршыға Ахмедияровтың «Алтын ұя» күйін орындады.
Фото: Астана әкімдігіОқушылар домбыра, қобыз, қылқобыз, жетіген, сазсырнай, флейта және скрипка секілді ұлттық және классикалық аспаптарда ойнады.
Фото: Астана әкімдігіМузыкалық флешмобқа елордадағы өнер және музыкалық мектептердің, сондай-ақ жалпы білім беру ұйымдарының 10-16 жас аралығындағы тәрбиеленушілері қатысты.
Фото: Астана әкімдігіҰйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның басты мақсаты – «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» идеясын музыка арқылы жеткізу. Әртүрлі аспаптың үні бір арнаға тоғысып, көпұлтты елдің бірлігін бейнеледі.
Фото: Астана әкімдігіФлешмобқа қатысқан оқушылар да өз әсерлерімен бөлісті. Олардың айтуынша, «Алтын ұя» күйін орындау туған жерге деген сүйіспеншілікті сезінуге мүмкіндік берген.
Айта кетейік, «Алтын ұя» күйі Отанға, туған жерге деген сағыныш пен махаббатты бейнелейтін туынды саналады.