Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Астанада 2027 жылы екі деңгейлі жол салу жоспарланып отыр, деп хабарлады қала әкімі Жеңіс Қасымбек.
Ол Сеул, Токио, Бейжің сияқты қалалардың тәжірибесін мысалға келтірді.
"2026 жылды нақты жобалауға арнаймыз. Ал 2027 жылы құрылысты бастауды жоспарлап отырмыз, оның ішінде алғашқы жоба Қабанбай батыр даңғылында жүзеге асырылады", — деді Қасымбек.
Жоспар бойынша екі деңгейлі жолдың ұзындығы 12,4 км болып, қаладағы көлік кептелісін 30–40 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
Екі деңгейлі жол — бұл көлік қозғалысы екі қабатта ұйымдастырылған жол түрі. Бір деңгейде жергілікті көліктер немесе қала ішінде жүретін көліктер, ал екінші деңгейде тоқтамай өтетін жылдам жол немесе негізгі магистраль болады. Мұндай жолдарда көліктер бір-бірімен қиылыспайды, сондықтан кептеліс азаяды.