Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Жұма, 25 қыркүйекте Астананың кейбір тұрғындары жарықсыз және сусыз қалады. Шектеулер техникалық жұмыстарға байланысты енгізілмек. Бұл туралы әкімдіктің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы құлағдар етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
25 қыркүйекте ыстық су 26 көшеде өшіріледі. Олардың бір бөлігі сол жағалауда, қалғаны оң жағалауда орналасқан.
Тұрғын үй мекенжайына байланысты су 08:00-ден 17:00-ге дейін, 08:00-ден 21:00-ге дейін, 08:00-ден 22:00-ге дейін, 08:30-дан 17:00-ге дейін, 08:00-ден 12:00-ге дейін және 09:00-ден 11:00-ге дейін болмайды.
Кейбір көшелерде су бір тәулікке жуық уақытқа өшіріледі – 24 қыркүйек сағат 00:00-ден 25 қыркүйек сағат 23:00-ге дейін.
Астанада ыстық су өшіріледі. Дереккөз: t.me/ikomek109
Судың тоқтатылу себептері әртүрлі. Олардың қатарында ойым жұмыстары мен гидравликалық сынақтар бар.
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?
Бүгін 11:02 1
Астанада ыстық су өшіріледі. Дереккөз: t.me/ikomek109
Су тек бір мекенжайда - Қазыбек би 41/1 бойынша толық өшіріледі. Құдықтағы дәнекерлеу жұмыстарына байланысты сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін су болмайды.
Астанада су өшіріледі. Дереккөз: t.me/ikomek109
Бұл күні елорданың сол жағалауында да, оң жағалауында да электр қуаты шектеледі. Кейбір жерлерде жарық шамамен екі сағатқа сөнсе, кейбір мекенжайларда таңертеңнен кешке дейін болмайды.
Астанада электр қуаты өшіріледі. Дереккөз: t.me/ikomek109
Себептері әртүрлі – тіректі бөлшеутек, желілік ажыратқышты ауыстыру, ағаш кесу.
Астанада электр қуаты өшіріледі. Дереккөз: t.me/ikomek109
Бұған дейін "Қазгидромет" Астана мен Алматыда алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. Мегаполистерде 25, 26 және 27 қыркүйекте ауа райы қандай болатынын мына сілтеме арқылы оқыңыз.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу