Астанада 254 кәсіпорында еңбек құқығының бұзылу қаупі жоғары

14.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Оның айтуынша, еңбек жанжалдарының алдын алуда кәсіпорындардың цифрлық картасы негізгі құралдардың біріне айналған. Бұл жүйе тәуекелі жоғары ұйымдарды алдын ала анықтап, олармен нысаналы жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.

— Қазіргі таңда еңбек тәуекелдерінің картасына сәйкес, Астанада 254 ұйым жоғары тәуекел санатына, 392 ұйым орташа тәуекел деңгейіне жатқызылған, — деді Ерлан Исмағұлов.

Департамент мәліметінше, кәсіпорындарда жиі тіркелетін заң бұзушылықтар негізінен міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік төлемдердің және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдарының уақытында төленбеуіне қатысты.

Осыған байланысты еңбек жанжалдарының алдын алу жұмысы күшейтілген. Мемлекеттік еңбек инспекторлары прокуратура органдарымен бірлесіп, тәуекелі жоғары кәсіпорындармен тұрақты түрде кездесулер өткізіп, заң талаптарын түсіндіріп жатыр.

Сонымен қатар еңбек қатынастарын реттеуде әлеуметтік әріптестік тетіктері де маңызды рөл атқарады. Осы мақсатта қала әкімдігі жанынан әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия жұмыс істейді.

— 2025 жылы комиссияның 6 отырысы өткізілді. Биыл бір отырыс өтті, жыл соңына дейін тағы 6 отырыс өткізу жоспарланып отыр, — деді ол.

Оның сөзінше, 2026 жылға арналған жоспар аясында еңбек қатынастарының ашықтығын арттыру және құқық бұзушылық тәуекелдерін азайтуға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Атап айтқанда, ұжымдық шарттарды цифрландыру, еңбек шарттарын бірыңғай есепке алу жүйесіне енгізу, сондай-ақ жұмыскерлерді өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырумен қамтуды кеңейту көзделген. Сонымен бірге, кәсіпорындарда кәсіби тәуекелдер бағаланып, жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстары күшейтіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда банкрот кәсіпорындардағы жалақы берешегі 53,7 млн теңгеге жеткені хабарланған еді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью