Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Іс-шара ЭКСПО бульвары аумағында ұйымдастырылып, оған 300-ге жуық адам қатысты.
Олардың қатарында «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері, Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері және елордалық жоғары оқу орындарының студенттері болды. Іс-шараның басты мақсаты – патриотизмді нығайту, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру және бірлігімізді насихаттау.
Фото: Астана әкімдігіҚатысушылар жоспарлы түрде сапқа тұрып, Мемлекеттік туды бір мезетте жайды, осылайша халқымыздың бірлігі мен достығын бейнеледі. Бұл көрініс тұрғындардың зор қошеметіне ие болып, көпшілік сырттай фотоға және видеоға түсіріп жатты.
Фото: Астана әкімдігіҰйымдастырушылардың айтуынша, мұндай акциялар елордада тұрақты түрде өткізіліп келеді. Олар жастардың азаматтық бірегейлігін қалыптастырып, қоғамдық өмірге белсенді араласуына ықпал етеді.
Фото: Астана әкімдігіАйта кетелік Астанада жөндеуден өткен үш аула пайдалануға берілді.