Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Есіл өзенінің жағасында орналасқан құтқару бөлімшесінен ТЖМ қызметкерлері заманауи қайықпен дереу оқиға орнына шықты. Екі шақырымға жуық қашықтықты еңсеріп, олар оқиға орнына бір минуттың ішінде жетті.
Құтқарушылар келгенге дейін әйелге сол маңда болған байдарка қауымдастығының мүшелері көмек көрсетіп, оны су бетінде ұстап тұрған. 1991 жылы туған әйел жағаға жеткізіліп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Айта кетейік, ел аумағында шомылу маусымы басталғалы 29 адам суға батып кетті.