Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Астанада 350 үлескер көптен күткен "Атамари" тұрғын үй кешеніндегі баспанасына қоныстанды, деп хабарлады қала прокуратурасының сайты.
Тұрғындар 2020 жылы салынып жатқан тұрғын үйге қаржы салған. Алайда құрылыс салушы өз міндеттемелерін орындамай, нысанның құрылысы бес жылдан астам уақыт бойы аяқталмай тұрған.
"Үлескерлердің мүддесін қорғау мақсатында прокуратура сотқа талап арыз берді. Нәтижесінде аяқталмаған құрылыс нысаны жаңадан құрылған тұрғын үй-құрылыс кооперативіне беріліп, құрылыс жұмыстары қайта жанданды", - деп жазылған хабарламада.
Осының арқасында "Атамари" тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталып, 350 үлескер көптен күткен пәтерінің кілтін алды.
Жыл басынан бері соттар прокурорлардың 11 талап-арызын қанағаттандырған. Соның нәтижесінде жалпы сомасы 3,9 млрд теңге болатын талаптар бойынша 277 үлескердің құқықтары қорғалды.
Елорда прокуратурасы азаматтарды тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алмас бұрын құрылыс салушының қажетті рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексеруге шақырды.