Астанада 4739 деректі фильмінің премьерасы өтті

21.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Іс-шараға Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, белгілі дәрігерлер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, реципиенттер мен олардың отбасылары, сондай-ақ фильмнің авторлары мен кейіпкерлері қатысты.

Аида Балаева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт денсаулығы еліміздің басты құндылықтарының бірі екенін үнемі атап көрсететінін айтты. Президент Қазақстанда ағза трансплантациясының жүйелі түрде дамып келе жатқанын және отандық дәрігерлердің кәсіби деңгейі жоғары екенін де атап өткен болатын. Бүгінде мамандарымыз заманауи технологияларды, жан-жақты дайындықты және тұтас бір команданың үйлесімді жұмысын талап ететін аса күрделі операцияларды жасап келеді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью