Астанада 50 ден астам балабақша балаларды тенниске баулып жатыр

16.10.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Астана қаласында "ҚР теннис федерациясы" балалардың дене белсенділігін арттыруға және ерте жастан тенниске деген қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған "Baby Tennis" жобасы жүзеге асырып жатыр, деп хабарайды елорда әкімдігі.

© Астана қаласының әкімдігіАстанада 50-ден астам балабақшада балаларды тенниске баулитын жоба жүзеге асырылып жатыр

Астанада 50-ден астам балабақшада балаларды тенниске баулитын жоба жүзеге асырылып жатыр

© Астана қаласының әкімдігі

Аталған жоба № 1, 11, 37, 58, 84, 89, 93, 98 балабақшаларында инновациялық жоба енгізілген. Ал тағы бір қатар балабақшаларда қосымша ретінде теннис элементтері өтіп жатыр.

"Жобаның негізгі мақсаты – мектеп жасына дейінгі балаларды теннистің бастапқы элементтерімен таныстыру, ракетканы дұрыс ұстау және допты басқару дағдыларын қалыптастыру арқылы олардың ептілігін, қимыл дәлдігін, тепе-теңдікті сақтау қабілетін және қозғалыс үйлесімділігін дамыту", - дейді әкімдік.

Бағдарлама мазмұны балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ойын арқылы теннистің қарапайым тәсілдерін меңгеруге бағытталған.

© Photo : Астана қаласының әкімдігіАстанада 50-ден астам балабақшада балаларды тенниске баулитын жоба жүзеге асырылып жатыр

Астанада 50-ден астам балабақшада балаларды тенниске баулитын жоба жүзеге асырылып жатыр

© Photo : Астана қаласының әкімдігі

Сонымен қатар балалардың жеке мүмкіндіктерін ескеруге және қимыл-қозғалыс жаттығуларын қауіпсіз ортада орындауына жағдай жасауға ерекше мән беріледі.

"Baby Tennis" жобасы мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл-қозғалыс тәжірибесін байытып, дене қабілеттерін дамытуға, спортпен жүйелі айналысуға деген қызығушылығын арттыруға және салауатты өмір салтына баулуға ықпал етеді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью