Астанада 8 балдық кептеліс орнады

31.08.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Астана жолдарында кептеліс көбейді. Кешке қарай қаланың оң жағалауында да, сол жағалауында да қозғалыс тоқтап қалды, деп хабарлайды Tengri Auto.

2ГИС қосымшасындағы карта мәліметтеріне сүйенсек, Астанадағы кептеліс 8 балға жетті.


2gis.kz картасы

"Яндекс" карта қызметінің деректері бойынша, кептеліс 7 балға бағаланып отыр.


Yandex картасы

Астаналықтар әлеуметтік желілерде кептелістің фото мен видеоларын бөлісіп жатыр. Көптеген тұрғын мұны жаңа оқу жылының басталуымен байланыстырады.

Скриншот: Threads

Пікір қалдырушылар бұл жағдайға түрліше қарайды. Бірі ашуланса, енді бірі жақсы көңіл-күй сақтауға тырысады.

Бұған дейін Астанада Бараев көшесінің бір бөлігі үш күнге жабылды.

Тағы оқыңыз: Полиция Алматыдағы блэкаут кезінде жол қозғалысын реттегендерге қатысты пікір білдірді

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью