Астанада 83 көлік пен арнайы техниканы аукционға шығару жоспарланып отыр

21.08.2026

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Жандос Дәулетовтің айтуынша, әкімдік басқармалары мен оған қарасты ұйымдар бұдан былай пайдаланылмайтын немесе жарамсыз мүліктерді есептен шығаруды ұсынған.

"Біз оларды сатылымға шығаруды ұсынамыз. Бұл қала бюджетін толықтырып, бюджетке қосымша түсім түсіруге мүмкіндік береді. Жекешелендіру E-qazyna веб-порталы арқылы аукцион немесе тендер форматында жүргізіледі", – деді ол.

Жалпы, оның айтуынша, сатылымға 83 автокөлік пен арнайы техника шығарылады.

"Слайдтан көріп отырғандарыңыздай, бұл – ескі көліктер", – деп қосты ол.

Сондай-ақ Сембинов көшесі, 1/6 мекенжайында орналасқан жер учаскесі бар тұрғын үйді де аукционға шығару жоспарланып отыр.

"Біз оны өз баланымызға қабылдап, кейін жекешелендіруді ұсынамыз. Бұл – ескі үй. 2012 жылы "Жаңа Құрылыс" компаниясынан мемлекеттік меншікке қабылданған. Инвесторға оны іске асыру үшін аукционға шығаруымыз керек. Бағалауын жүргізіп, соған сәйкес бастапқы құнын белгілейміз. Үйдің ауданы – 82 шаршы метр. Жер учаскесінің көлемі – төрт немесе бес сотық. Ғимараттың құны – 12 млн теңге, жер учаскесінің құны – 29 млн теңге", – деді Жандос Дәулетов.

Бұдан бөлек, Алматы ауданының әкімдігі 164 сауда павильонын жекешелендіру туралы хат жолдаған. Олар кезінде аудан аумағына заңсыз орналастырылған. Сот шешімінен кейін павильондар бұзылып, аудан әкімдігінің балансына берілген.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью