Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Бүгін Астанада қазақ әдебиетінің абызы, көрнекті қаламгер Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылық мұрасына арналған дәріс өтті. Шарада жазушының ұлттық рух пен тарихи танымды терең бейнелеген туындылары кеңінен талқыланды.
Дәрісті әдебиеттанушы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сауытбек Абдрахманов жүргізіп, қаламгердің рухани әлемі мен қазақ прозасына қосқан үлесін жан-жақты саралады. Әдеби жиынға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар мен жас оқырмандар қатысып, Әбіш Кекілбаевтың сөз өнеріндегі өнегесі мен азаматтық болмысына ерекше құрмет білдірді.
Сауытбек Абдрахманов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:
- Бүгін «Әбіш әлемі» деген тақырыпта лекция оқылды. Бұл дәріс менің «Абыз Әбіш» атты кітабымның қалай жазылғаны туралы. Кітап кезінде жоғары бағаланып, мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Аз уақыттың ішінде бірнеше рет басылып шықты. Сондықтан дәріс барысында сол еңбектің жазылу тарихы, Әбіш Кекілбаевпен ара-қатынасым және Әбіш атты феноменнің біздің мәдениет саласындағы орны туралы айтылады.