Астанада әйел 15 қабаттан бала жатқан арбаның үстіне құлап кетті: екеуі де көз жұмды

12.09.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Астанада 27 жастағы әйел тұрғын үйдің 15-қабатындағы терезеден құлап кетті, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

Полицияның мәліметінше, ол екі жасар бала отырған балалар арбасының үстіне құлаған. Алған жарақаттарының салдарынан бала көз жұмды. Әйел де мерт болды.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью