Астанада әйелдің сөмкесінен 1 келі гашиш табылды

17.02.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Астанада полиция қызметкерлері сөмкесінен шамамен бір келі гашиш табылған әйелді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада полиция қызметкерлері сөмкесінен шамамен бір келі гашиш табылған әйелді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметінше, әйел есірткі заттарын сақтады деген күдікпен ұсталған.

"Автобус аялдамаларының бірінде полиция қызметкерлері қаланың 40 жастағы тұрғынын ұстады. Жеке тінту барысында оның сөмкесінен скотчталған, өзіне тән иісі бар сұр-жасыл түсті зат салынған ірі түйіншек табылды. Бұлзат гашиш болып шықты, жалпы салмағы - бір килограмм", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, күдіктінің үйінен тағы бір түйіншек табылған. Ол оны асүйде, плитаның ішінде жасырып қойған. Табылған заттың барлығы тәркіленіп, қылмыстық іс қозғалды.

Полиция азаматтарды есірткінің заңсыз айналымына қатысты қандай да бір ақпарат болған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью