Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
— Біз автотұрақтарды ретке келтіреміз. Қай жерде және қарай тұрақтауға болатынын айқындаймыз. Әртүрлі тарифтік аймақтарды енгіземіз. Төлемнің түсінікті тәртібі мен жеңілдіктерін белгілейміз. Сондай-ақ бос орындар бар-жоғын көрсететін жүйе қарастырылады, — деді А. Қарағойшин қалалық мәслихат отырысында.
Оған қоса, шлагбаумдар мен қоршауларды орнату қағидалары белгіленеді. Олардың барлығы келісіліп орнатылуы тиіс, жедел жәрдем, өрт сөндру қызметінің жүріп өтуіне кедергі келтірмеуі қажет.
Сонымен бірге, автокөлік құралдарын қандай жағдайда эвакуацияланатыны, оның қалай сақталатыны, құны қанша болатыны және иесінің қалай қайтарып алатыны нақты жазылады.
Көлік құралдарын жеткізу және оларды уақытша сақтау үшін мынадай тарифтер ұсынылды:
көлік құралын эвакуациялау құны — 3 АЕК немесе 12 900 теңге;
мотоциклдер үшін арнайы сақтау құны: бірінші күні — 1 АЕК, кейін — 2 АЕК;
үш дөңгелекті көлік құралдары мен квадроциклдер үшін: 1,5 АЕК, кейін — 3 АЕК;
жеңіл автокөліктер үшін: 3 АЕК, кейін — 5 АЕК;
3,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін: 5 АЕК, кейін — 7 АЕК;
тіркелмеген автокөліктер бойынша — 2-ден 5 АЕК-ке дейін.
Аталған қағидалар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, тұрақ кеңістігін жүйелеуге және көлік құралдарын эвакуациялау рәсімінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Басқарма басшысының айтуынша, бұл жүйе 23 наурыздан бастап енгізіледі, ал 15 сәуірге дейін құқық бұзу ескерту ретінде қабылданады. Айыппұл салынбай, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Былтыр Астана автотұрақтары әкімдікке қайтарылған еді.