Астанада Әлібек Асқардың 75 жылдық мерейтойына орай ғылыми практикалық конференция өтті

24.01.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Астанада жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлібек Асқардың 75 жасқа толуына орай «Әлібек Асқар шығармашылығындағы Алтай бейнесі және адам тағдыры» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Іс-шараға ҚР Президент әкімшілігі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, шетелдік және отандық ғалымдар, мәдениет қызметкерлері мен студенттер қатысты.

Конференция аясында «Әлібек Асқар прозасындағы Алтай тақырыбы» және «Қаламгер шығармашылығындағы Әйел-Ана бейнесі» атты секциялық отырыстар өткізілді.

Қатысушылар ұлттық идея, авторлық жауапкершілік, шығармалардағы образдар жүйесі, сондай-ақ жазушы прозасындағы көркем тілдің ерекшеліктері мен негізгі тақырыптық бағыттарды талқылады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью