Астанада Ана тілі олимпиадасының жеңімпаздары анықталды: 14 оқушыға ЖОО гранты берілді

02.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Биылғы додаға еліміздің 20 өңірінен 2000-нан астам 9–11 (12) сынып оқушылары қатысты. Іріктеуден сүрінбей өткен 64 команда, яғни 200-ге жуық оқушы республикалық кезеңде бақ сынады.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Жобаның басты ерекшелігі — қазақ тілін тек әдебиет емес, жаратылыстану, ғылым мен технология тілі ретінде насихаттау.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

— Бұл жастар — қазақ тілінің ертеңгі жарқын көрінісі. Біздің мақсатымыз — мемлекеттік тілдің болашақ мамандардың қалыптасуына көмектесетін мықты зияткерлік негіз екенін көрсету, — деп атап өтті Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Ұйымдастырушылардың бірі, «Білім-Инновация» ХҚҚ вице-президенті Қуат Қожахметовтің айтуынша, биылғы жарыс командалық форматта өткен.

— Бұл — топтық олимпиада, сондықтан мұнда жеке біліммен қатар, ұжымдық жауапкершілік те сынға түсті. Салтанатты шараның ең толқынысты сәті 11 сынып түлектеріне жоғары оқу орындарының гранттарын табыстау болды. Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, СДУ, Coventry University Kazakhstan және Нархоз сияқты жетекші оқу орындары барлығы 14 білім грантын ұсынды, — деп толықтырды ұйымдастырушы.

Салтанатты шараның ең маңызды сәті — марапаттау рәсімі болды. Олимпиаданың Бас жүлдесін Түркістан облысы, Арыс қаласындағы Абай атындағы «Білім-Инновация» лицейінің «Үш арыс» командасы иеленді.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

9-сынып оқушысы, жеңімпаз команда мүшесі Үсенбай Қажыхан өз әсерімен бөлісті.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

— Біз бұл додаға тек тәжірибе жинау үшін емес, ана тілімізді дамытуға үлес қосу үшін келдік. Олимпиада барысында тайм-менеджмент, коммуникация және жауапкершілік алу қабілеттеріміз шыңдалды. «Үш арыс» командасы болып жақсы дайындықпен келгендіктен, нәтиже де көңіл қуантады. Бұл — біздің алғашқы қатысуымыз, бірақ соңғысы емес, — деді жас жеңімпаз.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Айта кетейік, бұған дейін Еуропада тұратын қазақ балаларына ана тілін тегін үйретіп жүрген астаналық ұстаз жайлы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью