Астанада Ақ жол арулары форумы өтті

23.01.2026

24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Астанада Ақ жол партиясы әйелдер қанатының «Ақ жол арулары» форумы өтті. Жиынға өңір-өңірден 180 делегат жиналды. 

Ұйымның жетекшісі болып Мәжілістің вице-спикері Дания Еспаева сайланды. Басқосуда Құрылтайда көтерілген мәселелер қаралды. Одан өзге форумға талқыға түскен тақырып көп. Атап айтсақ, әлеуметтік-экономикалық даму, тұрғын үй саясаты, кәсіпкерлікті қолдауға арналған салықтық және қаржылық құралдар, сондай-ақ әйелдердің саясаттағы және елдің индустриялық дамуындағы рөлі. Сөз сөйлеген спикерлер қатарында банк секторының, бизнес-қауымдастықтың мүшелері және депутаттар мен сарапшылар бар. «Ақ жол Арулары» әйелдер қанатының мүшелері саясат, экономика секілді түрлі салада жемісті еңбек етіп жүр, - дейді партия төрағасы Азат Перуашев.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Талай кәсіпкер әйелдеріміз Салық кодексі бойынша тікелей қатысқан, талай ұсыныстарды дайындаған. Естіген шығарсыздар, біз Салық комитетімен биыл да дискуссиямызды жалғастырамыз. Бұл үлкен жұмыстың артында біздің Салық консультанттарымыз, әйел азаматшаларымыз, партия мүшелеріміз бар.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью