Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Оған Қорғаныс министрлігінің Бас әскери-медициналық басқармасы мен Бас әскери клиникалық госпиталінің әскери қызметшілері мен қызметкерлері қатысты. Жалпы саны 50-ден астам дәрігер, мейірбике, әкімшілік және техникалық персонал қан тапсырды.
Фото: Қорғаныс министрлігіБас әскери-медициналық басқарма бастығының орынбасары медицина қызметінің полковнигі Берік Ілиясовтың айтуынша, ерікті донорлық мәдениетті дамытуға бағытталған бұл акция Қарулы күштердің әскери бөлімдері мен мекемелерінде де жалғасады.
Қан алу жұмыстарын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен қауіпсіздік стандарттарын сақтай отырып, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының көшпелі мамандар бригадасы жүргізді.
Фото: Қорғаныс министрлігіӘскери медициналық мекемеде донорлық акция өткізу ерекше маңызға ие. Госпиталь қызметкерлері күн сайын науқастарға көмек көрсетеді. Олардың донорлық қозғалысқа қатысуын адам өмірін сақтап қалуға және ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға қосқан қосымша үлес деп айтуға болады.
Фото: Қорғаныс министрлігі— Әскери қызметтегі 20 жыл ішінде әйел әскери қызметшілерге шұғыл қан құю қажет болған жағдайлармен бірнеше рет бетпе-бет келдім. Дәрігер ретінде нық сеніммен айта аламын, қан тапсыру тек өмірді сақтап қана қоймайды, ағзаға да оң әсер етеді. Яғни, қан түзілуін ынталандырып, қанның формалық элементтерінің жаңаруына ықпал етеді. Қанды жұмыс орнында тапсыру бізге қызметтен қол үзбей-ақ игі іске үлес қосуға мүмкіндік берді, — деді Бас әскери клиникалық госпитальдің гинекология бөлімінің бастығы медицина қызметінің полковнигі Айнұр Нұғыманова.
Әскери дәрігерлер ерікті түрде қан тапсыру акциясына қатыса отырып, гуманизм және қоғамға қызмет ету қағидаттарына адалдығын іс жүзінде тағы бір дәлелдеді.