Астанада ассенизатор жүк көлігі Tesla мен соқтығысып, көпірден құлап кетті

19.10.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Астанада Tesla-мен соқтығысқан ассенизатор жүк көлігі көпірден құлап кетті. Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген видео пайда болды. Видео авторының айтуынша, жүк көлігі Астанадағы Қарағанды тасжолы бағытындағы көпірден құлаған.

Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 19 қазанда Астананың айналма жолында болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Tesla тізгініндегі 49 жастағы әйел көпірге көтерілер тұста басты жолмен келе жатқан жүк көлігіне жол бермеген. Салдарынан көліктер соқтығысқан. Соққыдан кейін жүк көлігі жол қоршауын бұзып, көпірден құлап кетті.

"Жүк көлігінің 71 жастағы жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Полиция тексеріс жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр", - делінген хабарламада.

Өткен демалыс күндері Жетісу облысында шағын автобус пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан 2 адам қаза тапты, тағы 10 адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью