Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты дрон шоу өтпейді

19.12.2025

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АЛМАТЫ, 19 желтоқсан - Sputnik. Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты дрон-шоу өтпейді, деп хабарлайды қалалық әкімдік.

19 желтоқсан күні Астананың алты ауданында жаңа жылдық шыршаларды жағу шарасы өтеді. Осыған дейін мерекелік бағдарлама аясында дрон-шоу ұйымдастыру жоспарланған еді, алайда ауа райының қолайсыздығына және мамандардың ұсынымына байланысты ол кейінге қалдырылды.

"Қазгидромет" мәліметінше, Астанада қар жауып, бұрқасын болуы, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. Осыған байланысты көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және техникалық құралдарды сақтау мақсатында дрондардың ұшуы уақытша тоқтатылды", - деп жазды әкімдік.

Айта кетерлігі, қалған мерекелік іс-шаралар жоспарға сәйкес өтеді. Биыл елордадағы жаңа жылдық бағдарлама "Ертегі Fest" атты бірыңғай ертегілік стильде ұйымдастырылып отыр.

Қаланың алты ауданында бір мезетте 40-тан астам жаңа жылдық шыршаның шамы жағылады. Барлық алаңда мұз айдындары, сырғанақтар, фотоаймақтар, шағын сәулет нысандары және өзге де мерекелік орындар жұмыс істейді.

Негізгі алаңдардағы концерттік бағдарлама сағат 17:30-да басталады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью