Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Астанадағы Орман зауыты (Лесозавод) ауданындағы теміржол өткелінде маршруттық автобус пойызбен соқтығысты. Полиция жүргізушіні жауапқа тартты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астанадағы Орман зауыты (Лесозавод) ауданындағы теміржол өткелінде маршруттық автобус пойызбен соқтығысты. Полиция жүргізушіні жауапқа тартты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 20 маусымда "Ивеко" маршруттық автобусының жүргізушісі Тайбурыл көшесіндегі теміржол өткелінен өтіп бара жатып, келе жатқан локомотивке жол бермеген.
"Соққы салдарынан маршруттық автобус инерциямен Hyundai автокөлігіне соғылды. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. Аталған факт бойынша автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.
Іс Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 607-бабының 3-бөлігі ("Теміржол өткелдерінен өту қағидаларын бұзу") бойынша тіркелді.
Енді автобус жүргізушісі 9 айға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу