Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Астана соты алаяқтық схемаға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты айыптау үкімін шығарды. Топтың ұйымдастырушысы 9 жылға бас бостандығынан айырылса, қалған қатысушылар 6 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алаяқтар азаматтарға қолданыстағы тұтынушылық несиелерді "жою" қызметін ұсынған. Оның орнына жәбірленушілерге жаңа кредиттік шарттар, соның ішінде автонесиелер рәсімдеуді ұсынып, ай сайынғы төлемдерді өздері төлейміз деп уәде берген.
"Бұл схеманың құрбандары әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтар - табысы төмен тұлғалар мен мүмкіндігі шектеулі жандар болған. Қаржылық жағдайы қиын болғандықтан, жәбірленушілер қарыз жүктемесін жеңілдетуге үміттеніп, қаскөйлердің шарттарына келісуге мәжбүр болған. Алайда берілген уәделер орындалмай, жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын 240 ммиллион теңгеден асты", - делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться