Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Биыл Астанада Азиядағы ең ұзын мұз айдыны ашылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Abu Dhabi Plaza алдындағы саябақта ASTANA WINTER PARK құрылысы бастады. Мұз айдынының жалпы ауданы 6 000 шаршы метр, ал ұзындығы 1 400 метрді құрайды.
Арнайы чиллерлер жүйесі мұздың қажетті температурасын сақтап, ауа райы жылы күндері де мұз айдынының жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
"Келушілер үшін коньки жалға беру орындары, жылы павильондар, отбасылық демалыс аймақтары мен қоғамдық тамақтану орындары қарастырылған. Жоба Азиядағы саябақ аумағында орналасқан ең ұзын сызықтық мұз айдындарының бірі болмақ", - дейді әкімдік мамандары.
Мұз айдыны 15 қарашада ашылады. Ал мұздың қажетті температурасын ұстайтын технологияның арқасында коньки тебу маусымы келесі жылдың 31 наурызына дейін жалғасады.