Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Астана қалалық прокуратурасының үйлестіруімен Полиция департаменті профилактикалық және жедел іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде бірқатар ойын-сауық орындарынан 20-дан астам азот тотығы баллоны табылып, тәркіленді.
Бұл фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 301-бабының 1-бөлігіне сәйкес 6 қылмыстық іс қозғалды.
«Күлдіретін газ» ретінде белгілі азот тотығын заңсыз сату қоғамда алаңдаушылық туғызуда. Ол күшті әсер ететін заттар қатарына жатады және азаматтардың өмірі мен денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді. Мұндай затты тұтыну ауыр зардаптарға, тіпті өлімге әкелген жағдайлар да тіркелген. Сонымен қатар, азот тотығын пайдалану кейде адамдарды есірткіге тартуға себеп болып отыр.
Қала прокуратурасы атап өткендей, Қазақстан заңнамасында азот тотығы сияқты күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін мүлікті тәркілеумен қоса, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бүгін, 14:47