Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Бейнежазбада жасөспірімдердің аулада тұрған автокөліктің капотына шығып, үлкен әйнегін тепкілеп, шағып жатқаны көрінеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Куәгерлердің айтуынша, бұл бірінші болған жағдай емес. Бейнебақылау камералары осы маңда басқа да көліктердің бүлінгенін тіркеген.
Полиция департаментінің мәліметінше, кәмелетке толмағандардың жеке тұлғалары анықталған. Олардың жасы әкімшілік жауапкершілікке тартуға жетпегендіктен, ата-аналарына бала тәрбиесіне салғырт қарағаны үшін хаттама толтырылған.
Іс материалы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданды.