Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 17 тамыз — Sputnik. Астанадағы "Отау" тұрғын үй кешенінде футбол алаңының жанында ойнап жүрген баланы тоқ соқты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Желіде тараған видеода екі баланың футбол алаңының жанындағы тротуарда бір нәрсені шұқылап отырғанын көруге болады. Бірнеше секундтан кейін сымдардың тұйықталуы салдарынан өрт шыққан.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 16 тамызда бала ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түскен.
"Жағдайы ауыр, тұрақты. Бүгін пациент күйік бөлімшесіне ауыстырылды", - дейді дәрігерлер.
Айта кетері, бұған дейін Қарағанды облысының Долинка ауылында 10 жастағы баланы 6000 вольттық тоқ соққан.