Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Астанада Бас прокуратура қызмеркері мас күйде көлік басқарған, деп хабарлайды Астана қаласының соты.
Оқиға 29 наурызда түнгі сағат 1-де болған.
Бас прокуратура қызметкері әйелінің атына тіркелген Сherry Tiggo көлігін жүргізген.
Оны полиция қызметкерлері анықтады. Алайда қызметкер көлік басқарғанын мойындамай, көлікке жылыну үшін отырғанын айтып ақталып баққан. Полиция көлік рөлінде ер адамның отырғанын дәлелдеген.
"Айыпталушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 608 бабы 1-бөлігімен 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды. 32-бап 1-бөлігіне сәйкес қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасалған құқық бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапқа тартылады. Сол себепті оларға әкімшілік қамауға алу қолданылмайды", - дейді сотта.