Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
— Көлік жағдайын жақсарту және қауіпсіздікті арттыру мақсатында көлік жүйесін дамытудың кешенді бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Автотұрақ кеңістігін, көлік ағындарын, бағдаршамдық реттеуді, эвакуациялауды, көліктік жоспарлауды және жазатайым оқиғалар санын азайту жөніндегі өзге де шараларды үйлестіру үшін жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы — Бірыңғай оператор құрылды. Орталық интеллектуалды көлік жүйесімен (ITS) жол қозғалысын басқаруды қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда 818 бағдаршамның 582-сі бейімделген. Биыл бейімдеу толығымен аяқталады деп жоспарланып отыр, — деді Жеңіс Қасымбек.
Сонымен қатар елордада жаңа бағдаршамдар орнату жұмыстары жалғасуда. Presight AI Ltd компаниясымен бірлесіп, бейнебақылау инфрақұрылымы жаңғыртылуда. Биыл 1200 жол қозғалысы ережесін бұзуды есепке алу жүйесін пайдалануға мүкіндік беретін Smart City жобасы іске қосылды. 60 мыңнан астам камера бірыңғай ахуал орталығымен біріктіріледі.
Әкімнің мәліметтерге сәйкес, қаладағы бейнебақылау камераларының саны бір жылда 2 есеге артып, 60 мың бірлікке жетті. Жаңғырту нәтижесінде автоматты түрде тіркелетін бұзушылықтар саны 4-тен 15-ке дейін артады, сондай-ақ жасанды интеллект негізінде бейне талдаудың 35 түрі енгізіледі деп күтілуде. Бұл елордадағы жол-көлік оқиғалары санын азайтуға мүмкіндік береді.
Айта кетелік орташа жылдамдықты қадағалау жүйесі автожолдардың тағы 18 учаскесінде кеңейтіледі.