Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Астана полициясы бес автокөліктің өртену себебін атады. Оқиға 6 қазанда Сарайшық ауданында болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полиция басқармасы Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында өрт-сынақ зертханасының қорытындысына сәйкес, өрттің шығуына көліктер біріндегі электр жүйесінің техникалық ақауы себеп болғанын хабарлады.
"Бұл ретте сауалда айтылған автоматты оталдыру жүйесінің істен шыққаны туралы болжам зертхана қорытындысымен расталмады", - деп хабарлады полиция өкілдері.
Тексеріс нәтижесі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталмады. Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты материал қараусыз қалдырылды.
Полиция зардап шеккен көлік иелеріне келтірілген шығынды өтеу мәселесі сот тәртібімен шешілуі мүмкін екенін айтты.
5 автокөлік отқа орандыЕске сала кетейік, 6 қазанда Сарайшық ауданындағы Ахмет Байтұрсынов көшесінде тұрғын үй кешені маңында тұрған автокөліктер өртенді.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде бес көлік ашық жанған. Қатты желдің салдарынан от қатар тұрған көліктерге тез тараған.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің (@112astana) жарияланымы
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілер жеті минутта жетіп, тілсіз жауды ауыздықтады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу