Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Алдағы жексенбі күні Астанада бір күн бойы автобустар халықты тегін тасымалдайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
15 наурызда республикалық референдум өтеді.
"Осыған байланысты қалалық, экспресс және қала маңындағы автобус бағыттарында жол жүру тегін болады. Бұл күні қала тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікпен ақысыз қатынай алады. Бұл шара азаматтардың қатынауын жеңілдету және дауыс беру учаскелеріне жетуді оңайлату үшін қабылданды", - делінген ресми хабарламада.
Қоғамдық көлік белгіленген кестеге сәйкес штаттық режимде сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал 16 наурыздан бастап автобуста қайтадан жол ақысын төлеу керек.