Астанада бір тәулікте жолда 800 құқық бұзушылық анықталды

25.01.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АСТАНА, 25 қаңтар-Sputnik. Елордада бір тәулікте жолда 800 құқық бұзушылық анықталды.
Ағымдағы жылдың 23–25 қаңтары аралығында елордада жол-көлік оқиғаларын азайтуға және жол қауіпсіздігі саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған "Қауіпсіз жол" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.
Алғашқы күннің қорытындысы бойынша жол қозғалысы ережелерінің 798 бұзушылығы анықталды, оның ішінде:

мемлекеттік тіркеу нөмірлерін оқылмайтын немесе талапқа сай емес күйде пайдалану бойынша 43 дерек;

қарсы қозғалыс жолағына шығудың 8 дерегі;

көлік басқару кезінде телефон қолданудың 45 дерегі;

жолаушыларды тасымалдау қағидаларын және қауіпсіздік белдігін пайдалану талаптарын бұзудың 75 дерегі;

мас күйінде көлік басқарудың 6 дерегі;

жаяу жүргіншілер тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзудың 127 дерегі.

Сонымен қатар, іс-шара барысында өрескел құқық бұзушылықтарға жол бергені үшін 25 автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.
Сондай-ақ полицейлер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактісін тоқтатты: 45 жастағы жеңіл автокөлік жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, жол қауіпсіздігіне қатер төндірген. Жүргізушіге қатысты материалдар сотқа жолданды, оған көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қолданылады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью